
Қайықта болған бір адам қаза тауып, төрт адам іс-түссіз жоғалған, 15 адам құтқарылды.

AFP ақпаратынша, құтқарылғандардың алтауы – бала. Екі бала – Қазақстаннан, үшеуі – Венесуэладан, бір баланың азаматтығы әлі анықталмады.
Ал құтқарылған ересектер арасында Қазақстан


, Эквадор

, Иран

, Никарагуа

, Венесуэла

азаматтары бар деп хабарлады колумбиялық әскери журналистер.

Мигранттан мінген қайық Никарагуаның шығысына қарай орналасқан Сан-Андрес және Провиденсия аралының маңында суға батқан. Колумбия әскерилері әскери-теңіз флотының жедел қимыл бөлімі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Мамырда Вашингтон "заңсыз мигранттардың АҚШ-қа өтуіне көмектеседі" деп Нигарагуаға санкция салған еді.
Ал Колумбия билігі мигранттар АҚШ-қа бет алғанда Колумбия мен Панамадағы қауіпті джунглилерді айналып өту үшін көбіне Сан-Андрес және Никарагуа арқылы жүретінін айтады.

Кейінгі уақытта Орталық Азия елдерінен АҚШ-қа Мексика, Колумбия, Панама, Никарагуа арқылы заңсыз баратын мигранттар саны артқан.
Былтыр Өзбекстаннан 17 мың адам, Қырғызстаннан 7 мың адам, Тәжікстаннан 3 мың адам, Қазақстаннан 2,7 мың адам, Түркіменстаннан екі мыңдай адам Америкаға заңсыз өткен.