Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Конституциялық сот ауыр қылмыс жасағандарға мемлекеттік қызметке өмір бойы тыйым салуды заңды деп таныды

80


Қазақстанның Конституциялық соты «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарды, соттылығы жойылғанына қарамастан, мемлекеттік қызметке қабылдауға тыйым салатын нормасына қатысты азаматтың өтінішін қарастырды.

Сот шешімі:

* Конституциялық сот бұл норманы Конституцияға сәйкес деп тапты.

* Заң шығарушы азаматтардың сенімін сақтау және заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметшілердің беделіне жоғары талап қоюға құқылы.

Соттың дәлелдері:

* Мемлекеттік қызметке өмір бойына тыйым салу қылмыстық жаза болып табылмайды, бұл – конституциялық-құқықтық шектеу.

* Бұл шектеу конституциялық құрылымды, қоғамдық тәртіпті және моральдық құндылықтарды қорғау үшін енгізілген.

Конституциялық соттың ұсыныстары:

* Үкімет пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне заңнаманы реттеп, оның нақтылығын қамтамасыз ету үшін сәйкессіздіктерді жою тапсырылды.

* Құжаттарда қылмыстық жауапкершілікке тартылған фактілерді көрсету тәртібін нақтылау ұсынылды.

Мәселел:

* «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 16-бабының 11-тармағы соттылығы жойылғанына немесе алынғанына қарамастан, мемлекеттік қызметке өмір бойы шектеу қояды.

* Ал 16-баптың 10-тармағы соттылығы жойылған адамдарға мемлекеттік қызметке кіруге мүмкіндік береді, бұл заңның  түсіндірілуінде бірізділіктің жоқтығы.