Сенат депутаты, Ішкі істер министрінің экс-орынбасары Марат Қожаев елімізде көлік жүргізу куәлігін беруді қатаңдатуды ұсынды. Оның айтуынша, жол-көлік апатының көбеюіне ең бірінші себеп жүргізушілерді даярлау сапасының төмендігі.
"Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тым жеңілдеп кетті. Әлемнің дамыған елдерінде көлік жүргізу үлкен жауапкершілік, оны алу оңай емес. Бізде бұл жүйе .
Автошколалар толық бақылаудан тыс қалып отыр, ал кейбір азаматтар жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен де алып жүр.
Бұған қатаң тосқауыл қоюымыз қажет", – дейді сенатор.
Оның пікірінше, көлік жүргізушілерін оқытатын ұйымдарды қатаң бақылауға алып, емтихан тапсыру тәртібін қайта қарау қажет. Мұндай ұйымдарға мем.бақылау енгізіліп, жүргізуші куәлігін берудің талаптары күшейтілуі тиіс.
"Біз жүргізушілердің емтихандарын мемлекеттік бақылауға алып, "жүргізуші мектебінің" стандарттарын қатаңдатуымыз керек. Сонда ғана жолда тәртіп орнап, жүргізушілер өздерінің және өзгелердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінеді", – деді Қожаев.
Бас прокуратура мәліметі бойынша, Қазақстандағы жол апаттарының 96 пайызы жүргізушілердің жол ережесін бұзуынан болады. Депутат бұл мәселені шешу үшін жүргізушілерді даярлау сапасын көтеріп, куәлікті заңсыз алу жолдарын түбегейлі тоқтату керек деп санайды.