Қостанай облысы Амангелді ауылында Мәдениет үйінің жеке қазандығы аумағында қазандық жарылып, артынша ғимарат құлаған
Құтқарушылар үйінді астынан 1969 жылы туған ер адамды алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Куәгерлердің айтуынша, ғимаратта басқа адамдар болмаған.
Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері, полиция және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр.