Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін

118


«Темір Майк» атанған Майк Тайсон Қазақстанда жекпе-жекке шығуы мүмкін. Қарсылас ретінде әйгілі ММА жұлдызы Фёдор Емельяненко шақырылмақ.

— Біздің жоспарымызда Майк Тайсон мен Фёдор Емельяненко арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру бар. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Тайсонды шақырғымыз келетін турнир желтоқсан айына жоспарланған, — деді Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Alash Pride» лигасының президенті Әлімжан Бектай.

Айта кетейік, Майк Тайсон кәсіпқой мансабында 50 рет жеңіске жеткен, оның 44-і — нокаутпен. Сонымен қатар, 7 рет жеңіліс тапқан.