Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Маңғыстауда қазақ, әзербайжан, қырғыз, тәжік, өзбек әскерилері жаттығу бастады

81




.

Министрліктің мәліметінше, оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника қатысады.

"Тактикалық эпизодтар жердегі және әуедегі барлау топтарының, теңіз арнайы күштерінің, армиялық және майдандық авиация экипаждарының, әскери кемелер мен катерлердің, артиллериялық есептоптардың, шабуылдаушы және танк бөлімшелерінің қатысуымен өтеді" деді қорғаныс министрлігі.

ТМД-ға кіретін бес ел − Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Әзербайжан Ресейдің қатысуынсыз әскери жаттығу өткізуге биыл сәуірде келіскен. Қазақстан әскері бұған дейін Оймаш полигонында Ресей және Өзбекстан әскерімен оқу-жаттығу өткізген еді. Сарапшылар Орталық Азия елдерінің Әзербайжанмен әскери жаттығу өткізетініне ерекше назар аударған еді.

Орталық Азияны зерттеуші, журналист Брюс Панниер Еуропадағы BNE Intellinews іскерлік басылымындағы мақаласында "Бірлестік-2024" жаттығуына қатысатын мемлекеттер ортақ қауіпсіздік мәселесін ірі елдердің, яғни Ресей, Қытай, Иранның көмегінсіз шешу үшін ынтымақтасуды жөн көреді" деп жазған еді.