Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Мақсат Толықбай.Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық

75


  
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай "Qasqa Jol" YouTube арнасында қонақта болып, бюджет қаражатын бөлу туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ қоғамды дүр сілкіндірген Талғардағы Шерзат оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мақсат Толықбайдың сөзінше, біздің Үкімет бжджетті дұрыс жоспарлауды білмейді.

"Бюджетті бөлу жоспары бір жылға, екі жылға, үш жылға деп бөлінеді. Келесі жылға бөліну керек қаржының барлығын жинақтап бізге алып келеді. Осы жерде біздің кемшін тұсымыз дұрыс жоспарлаудың жоқтығы. Біз қазір қарызға өмір сүріп жатырмыз. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкімет жақында 3 трлн қарыз алды. Оның 600 миллиардын Жапониядан алып жатыр. Одан бөлек, Ұлттық қордан 5,6 трлн теңге, "Қазатомпром" арқылы 1 трлн теңге, келесі жылы тағы Ұлттық қордан 5,6 трлн теңге қарыз алмақ", - дейді депутат.