Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Марс, саған келіп тұрмыз! Талғар қаласының сайланған әкімі бәрін жыртып жатыр

54



Енді Президент әкімшілігі оны басқа әкімдерге үлгі ретінде көрсетпек. Және ашылып жатқан Әкімдер мектебіне барып, 1-2 ашық дәріс оқуы да мүмкін.

Шерзат оқиғасынан кейін Талғар қаласында басшылық түгел ауысып, эколог Арыстанбек Әбілхайырұлы әкім болып сайланған болатын. Бұған дейін оның фирмасы Талғарда коммуналды қызмет көрсетіп келді. Талғардың тумасы болғандықтан, әр шұңқыр мен арықты, ағашты жатқа біледі.

"Әкім Нұрлан имам сияқты тик-ток арқылы Талғар халқының проблемаларын біліп, бірден көлікпен айтылған мекен-жайға барып, мәселені тура сол жерде шеше бастады. Қазір Талғарда тұратын жұрт өз әкімінің тик-тогына жазылып алған. Қоқыс, проблема көрсе бірден тик-тогындағы видеоға комментарий жазып жібереді. Тіпті әкім сол күні жетіп барады. Мұндай әкімді бірінші рет көріп тұрмыз", - дейді, DALA INSIDE телеграмына сол аумақтағы дереккөз.



Шынымен де, Талғарда халық әкімнің артынан емес, әкімі тұрғындардың артынан қуалап жүр. Проблемасын жазған Марс есімді тұрғынды іздеп, үйіне барып таппай қайтқан видеосы хит болды. Марс әкім барғанда жұмыстан шыға алмай қалған. Тик-ток көмегімен Арыстанбек Әбілхайырұлы күйіп тұрған біршама мәселені шешіп үлгерді.

Ол көлікке отырып алып, күні-түні Талғардың ішін аралап жүреді. Көлік кептелісі көп болмағандықтан, біраз тұрғынға барып үлгереді екен.

Әкімнің тағайындалғаны емес, сайланғаны өте жақсы жұмыс істейтіні анық байқалды. Тағайындалған әкім тек жоғары жақтың көңілін табуға тырысады. Ал сайланған әкімнің басшысы халық. Сондықтан ол халыққа қызмет етеді.