Мәжіліс дәрігерлерге жасалған шабуылдар үшін жазаны қатаңдатуды бірінші оқылымда мақұлдады.

32

Munarmedia.kz 27.11.2025 /Астана/ Депутаттар медициналық қызметкерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты күш қолдану жағдайларына 12 жылға дейінгі қылмыстық жауапкершілікті заңнамалық деңгейде бекітті.

Өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданылған жағдайда кінәлілерге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал егер дәл осындай өмірге қауіпті шабуыл екі немесе одан да көп медицина қызметкеріне, топ болып, алдын ала келісіп, қайталанған түрде, төтенше жағдай кезінде, жаппай тәртіпсіздік барысында, ТЖ жарияланған аумақта немесе антитеррорлық операция аймағында жасалса, онда жаза 7 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды көздейді.

Заң жобасы екінші оқылымда қаралғаннан кейін Сенатқа жолданады.