Munarmedia.kz, 28.05.2025 жыл /Астана/-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың ірі корпорациясы CITIC Group басқарма төрағасы Си Гохуамен кездесті.
Кездесу барысында энергетика, мұнай-химия өнеркәсібі, автожол құрылысы, тау-кен секторы, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салаларда ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев CITIC Group компаниясының Ақтау битум зауытын жаңғырту жобасын тиімді жүзеге асырып, оны жоспардан бұрын – биыл сәуір айында аяқтағаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол корпорацияны Қазақстанның сенімді инвестициялық әріптесі ретінде жоғары бағалады.
Мемлекет басшысы екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды әрі қарай дамыту қажеттігін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде, Си Гохуа CITIC Group компаниясының мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, мұнай құбырларын салу, Орталық-Батыс автожолын реконструкциялау және астықты терең өңдеу жобаларына мүдделілігін жеткізді.