Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Мемлекет басшысы Жоғарғы аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

27


▪️ Смайыловтың мәліметінше, 2024 жылы 862 млрд теңге көлемінде заң бұзушылықтар анықталған. Бюджетке 135 млрд теңге қайтарылды, бұл 2023 жылғы өтелген сомадан бес есе көп. Сонымен қатар, құрылыс нысандарының бағасын қалыптастыруда, өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыруда және ауыл шаруашылығын субсидиялауда жүйелі заң бұзушылықтар анықталды.

▪️ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл Астана мен Алматы қалаларының, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарының бюджеттерін орындау бойынша тексерулер жүргізіледі. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» қоры, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы, Қазақстанның электр желілерін басқару компаниясы (KEGOC), Ұлттық банк және ТЖМ тексеріледі.

▪️ Аудит аясында ғылым, қорғаныс, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және орман шаруашылығы салалары қамтылады, деп хабарлайды Ақорда.