Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Монғолия президенті Қазақстан Елшісі «Достық» медалімен марапаттады

12




Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ғабит Қойшыбаевты қызметтік мерзімі аяқталып, еліне оралуына байланысты арнайы қабылдады.


Кездесу барысында Президент Хүрэлсүх елші Ғ.Қойшыбаевтың Моңғолияда атқарған жұмысына жоғары баға беріп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты кеңейтіп, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Мемлекет басшысы 2024 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға жасаған мемлекеттік сапары екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге – стратегиялық әріптестікке көтеріп, қатынастардың жаңа кезеңін бастағанын ерекше атап өтті.


Өз кезегінде Елші Ғабит Қойшыбаев Моңғолия мемлекеті мен халқы тарапынан көрсетілген қолдау мен бірлескен ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның Моңғолия үшін Орталық Азия аймағындағы алғашқы стратегиялық әріптес ел атанғанына ризашылығын жеткізді. Ол екі ел арасындағы байланыс алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.

Қазақстан-Моңғолия арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан еңбегі мен үлесі үшін Президент Ухнаагийн Хүрэлсүх Елші Ғабит Қойшыбаевты «Достық» (монғ. «Найрамдал») медалімен марапаттады.