Пунсалмагийн Очирбат 1942 жылы Завхан аймағында дүниеге келген. Ленинградтағы Тау-кен институтын тәмамдаған. МХР-дың тау-кен өндірісі кәсіпорындарында жұмыс істеді, отын және энергетика министрлігінде орынбасар және министр болды. Сондай-ақ сыртқы істер министрі, экономика министрі, Ұлы халық хуралының төрағасы қызметтерін атқарды. 1990 жылдың 3 қыркүйегінде Моңғолияның алғашқы Президенті болып сайланып, 1993 жылдың 6 маусымында қайта сайланды, 59,9% дауыс жинады. 1997 жылы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін саясаттан кетіп, Очирбат қорының төрағасы болды және Моңғолия Конституциялық сотының мүшесі қызметін атқарды.
Монғолияның алғашқы Конституциясын қабылдап, демократиялық қоғам құру, халықаралық аренада Монғолияның беделін көтеруге айрықша үлес қосқан беделді тұлға ретінде Монғолияның тарихында мәңгі сақталады.