Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Мұнай арзандағандықтан Ұлттық қорға түсетін қаржы екі есе қысқарды

40


Есепті Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары жүргізді.

Жыл басталғалы бюджетке салық біркелкі түспеді. Ұлттық қор кірісі айтарлықтай төмендеп, 622 млрд теңге болды. Бұл өткен жылға қарағанда 47%-ға аз. Яғни 547 млрд теңгеге кем.

Бұған мұнай бағасының арзандауы себеп болып отыр. 2024 жылдың дәл осы кезеңінде қара алтынның орташа құны 81,8 доллар болса, биыл 74,8 долларға төмендеді.

Соның салдарынан жер қойнауын пайдаланушылар салығы 85 млрд теңгеге, ал корпоративтік табыс салығы 378 млрд теңгеге қысқарды. Осылайша, Ұлттық қорға түсетін салықтардың тек 13% орындалды. Былтыр бұл көрсеткіш 25% болған.