Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Мұхтар Мағауин АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Парк Лаун мемориалдық зиратында жерленді.

156

Мұхтар Мағауинді АҚШ-та жерледі: жазушыны соңғы сапарға кімдер шығарып салды?

11 қаңтар күні таңертең (Қазақстан уақытымен 10 сағат айырмашылық) Вашингтондағы түріктің Diyanet Center of America мешітінде жаназа намазы оқылып, кейін жерлеу рәсімі өтті.

Жерлеу рәсіміне жазушының жақын туыстары, сондай-ақ Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев пен дипломаттар қатысты.

Жазушыны соңғы сапарға шығарып салуға қазақ диаспорасының өкілдері де келді.

Ас беру кезінде елші Ашықбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жолданған көңіл айту хатын оқыды.

Қазақ мәдениетіне баға жетпес мұра қалдырған ұлы жазушы әрі тарихшы Мұхтар Мағауин 2025 жылдың 9 қаңтарында дүниеден өтті.

Соңғы 18 жылдан астам уақытын ол шетелде өткізген болатын.