Мьянмада су тасқынынан 18 мыңнан астам адам зардап шекті

48

Munarmedia.kz.29.09.2026.ASTANA. Мьянманың оңтүстігіндегі Танинтайи өңірінде болған су тасқынынан 18 712 адам зардап шекті. Бұл туралы Myanma Alinn газеті хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, өңірде нөсер жаңбыр 25 қыркүйекте басталған. Ал келесі күні көшкін жүріп, құтқару топтарының кейбір елді мекендерге жетуін қиындатқан.

Жергілікті жедел жәрдем қызметінің өкілі Аун Мьоның айтуынша, 29 қыркүйек таңертең су деңгейі төмендей бастаған.

Қазір құтқарушылар су басқан ауылдарда қалып қойған тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып жатыр. Сонымен қатар көшкін салдарынан жиналған лай мен топырақты тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар құтқару операцияларын жалғастырып, зардап шеккен аудандарға жетуге мүмкіндік бермек.

Мьянма билігі мен құтқару қызметтері табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Дереккөз: Синьхуа

#Munarmedia #Мьянма #СуТасқыны #ТабиғиАпат #Танинтайи #ҚұтқаруЖұмыстары #Азия