Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Наурыз мерекесі Моңғолия атынан Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізілді.

498

Моңғолия Наурыз мерекесін 12 елмен бірге ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне сәтті енгізіп, осылайша халықаралық мәдени құндылықтар қатарына өз елінің 17-ші мұрасын қосты.


Елдің 16-шы мұрасы ретінде «Моңғол көшпелілерінің көші-қоны және оған қатысты дәстүрлер» (Mongol nomad migration and its associated practices) тіркелген.


Аймақ елдері арасында материалдық емес мәдени мұраларды ең көп тіркеген мемлекет ретінде Моңғолия ерекше атап өтуге лайық. Мысалы, 2008 жылы Моңғолия ЮНЕСКО тізіміне «уртын дуу» (созылмалы ән айту өнері) және «морин хуур» (скрипкаға ұқсас музыкалық аспап) өнерін енгізсе, 2009 жылы «цуур» (үрмелі аспап), эпикалық жыр өнері «тууль», дәстүрлі «биелгээ» биі, 2010 жылы «Наадам» фестивалі мен көмеймен ән айту дәстүрін (хөөмей), 2011 жылы лимбе деп аталатын үрмелі аспапта күй орындау жанрын тіркеген.