Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Назарбаев университетін неге қорғайсыз? Депутат Әбенов экс-премьерге дүрсе қоя берді...

68



Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов күтпеген жерден Бас аудитор Әлихан Смайыловты Назарбаев Университетіндегі 73 млрд теңгенің заңсыз жұмсалу дерегін жасырып отыр деп айыптады.

Депутаттың айтуынша, палата аудит нәтижелерін депутаттардан құпия ұстап, қомақты қаражаттың қайда кеткенін анықтауға мүмкіндік бермей отыр.



Қызығы сол, Назарбаев Университетінің қамқоршылық кеңесін 2023 жылдың қазан айынан бастап Әлихан Смайыловтың өзі басқарған. Ол кезде Смайылов әлі премьер-министр лауазымында еді. 2024 жылдың сәуірінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы болып тағайындалғаннан кейін, Әбеновтың пікірінше, "қазақтың Әлиханы" аудит нәтижелерін жариялауға асықпаған.

"Аудит қорытындысы неге ашық жарияланбайды? 73 миллиард теңгенің есебін кім береді? Аудиторлық палата өз міндетін атқарудың орнына, заңсыздықтың ізін жасыруға тырысуда", – деп күйініп отыр депутат.

Әшкереге белгілі болғандай ескі Қазақстаннан мұраға қалған оқу орны қарша бораған критикадан бүгін-ертең құтылмайды. Мұрат Әбенов бастаған депутаттар мен бірқатар блогерлер универді төпелетіп ұру туралы тапсырма алған.

Мекеме басшылығы сіз бен бізге есеп бермейді. Осыдан 12 жыл бұрын Назарбаев университеті, Назарбаев мектептері мен Назарбаева қорына "айрықша статус" берген заң осынау оқу орнын қоғамдық бақылаудан "арашалап" тұр.

Соңғы үш жылдың өзінде универді "асырауға" 17 млрд теңгеге жетеқабыл қаржы бөлінген.



Ал, нәтиже қайда? Универді көтеруге, дамытуға жұмсалған алтын уақыт, есіл ақша текке кеткен. Депутат Әбеновтің шырылдап жүргені де содан.

Назарбаев университеті құрылғалы 13 жыл өтті. Оқу орнын айрықша статустан айырып, жақсылап аудит жүргізер болса талай шикілік шығары ғажап емес. Бізге жеткен тағы бір мәлімет бойынша алдағы күндері Дариғамен аффирленген медиа-ресурстарда Назарбаев университетіне араша сұрайтын контент күрт көбейеді.