Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

«Несіне дірілдейміз»: Лукашенко «Шанхай ондығын» доллардан бас тартуға шақырды

30
Қарағанды облысындағы ауыл әкімінің ұлы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, айыппұлмен құтылған «Мұнда бір-бірін тыңдайды және естиді, өз еркін таңбайды, дегенмен Ұйымда әлемдік алыптар өкілдік етеді. Әлемде бірлестігіміздің салмағы мен беделі үнемі өсіп отыруы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасайтынымызға сендіремін», – деді Лукашенко. Өз сөзінде ол Батысқа шүйлікті. «Басқа елдерді отарлап және аяусыз қанап, Батыс ғасырлар бойы байлығының, саяси, экономикалық және әскери үстемдігінің іргетасын қалады. Вашингтон-Лондон гегемоны әлемге өз меншігіндей қарайды. Ғаламшардың көп миллиардты халқы олар үшін адам емес, жеке бас пайдасына жету құралы ғана.Халықаралық қауіпсіздік саласындағы қатерлер де осы себепті туындап отыр. Осы философия аясында Украинадағы жағдай қалыптасып, әлі де жалғасып келеді», – деді Беларусь Президенті. Сондай-ақ, ол ШЫҰ құрамында әлемдік алыптар - Қытай мен Ресей бар екенін айтып, доллардан бас тартуды ұсынды. «Біз бәріміз ұлымыз деп айтамыз. Біз шынымен де ұлымыз, себебі халықтың 40%-дан астамы, доллармен есептегенде ІЖӨ үштен бірі бізге тиесілі, біздің құрамымызда ең ірі ең көшбасшы – Қытай мен Ресей Федерациясы бар. Доллардың алдында бәріміз дірілдейміз. Нақты қажам жасап, бұл долларға азырақ тәуелді болудың қадамына көшейік. Сонда «доллар шоқпарымен» манипуляция жасайтындардың бұдан былай олай жалғаса бермейтінін түсінетінін көресіздер», – деді ол. Айта кетейік, бүгін Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымының толыққанды мүшесі болды.