Нигерияда экстремистер өздерін жарып жіберді: 18 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно провинциясында тойда, ауруханада және жерлеу рәсімінде адамдар жарылғыш затты денесіне байлап, өздерін жарып жіберді.
Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, кем дегенде 18 адам қаза тапты, оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер бар. Сондай-ақ 48 адам жарақат алды. Нигерия баспасөзінің болжамы бойынша, құрбандар саны 30-ға жуық болуы мүмкін.
Жергілікті төтенше жағдайлар басқармасы өзін жарып жібергендердің барлығы әйелдер екенін айтты. Әзірге аймақтағы радикалды топтардың ешқайсысы терактіні мойнына алған жоқ. Провинцияда іздестіру жүргізіліп, коменданттық сағат енгізілді.
Нигерияның Борно провинциясында "Боко Харам" исламшыл тобы 15 жылдан астам толқулар жасап келеді. Олар мектептерге шабуыл жасап, қыздарды ұрлайды. “Боко Харам” мүшелері әйелдер білім алмау керек деп санайды.
Ұқсас материалдар

Қазақстанда аса ауқатты азаматтарға салынатын салықты көтеру ұсынылды
🕒 24.11.2026 10:38 · 👁 22
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту бойынша бірінші орынға шықты
🕒 24.11.2026 10:37 · 👁 9
Қазақстанда қазақ тіліндегі әдеби және цифрлық жобаларға 50 млн теңгеге жуық грант бөлінеді
🕒 24.11.2026 10:33 · 👁 9
