Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Нұрәлі Әлиев "Транстелекомнан" құр қол кетпеген екен...

75



Нұрәлі Әлиев "Транстелекомдағы" үлесін сатудан бұрын қомақты дивиденд алып үлгерген. Қаңтар айының соңында акционерлер 2023 жылғы таза пайданың 6 млрд теңгесін дивидендке бағыттауды мақұлдаған. Бұл соманың 4,5 млрд теңгесі 31 қаңтарда төленген.

Ол тұста Әлиев пен оның серіктесі Дмитрий Пәкупателевке тиесілі Unit Telecom компаниясы "Транстелекомның" 75 пайызын иеленіп отырған еді.

Егер осы 75 пайыз шамамен тең бөліске түсті деп топшыласақ, онда 4,5 млрд теңгенің жартысы (2,25 млрд теңге) Әлиевтің есеп-шотына аударылған.



Күні кеше ғана Назарбаевтың жиені "Транстелекомдағы" үлесін толық сатқанын мәлімдеген. Әлиевтің кетуімен компанияның директорлар кеңесі жаңарып, құрамға Jusan Mobile өкілдері енді. Ұйымның түпкі бенефициары – кәсіпкер Ғалымжан Есенов.

40 жасар Әлиевтің қазіргі тұрғылықты мекені Араб Әмірліктері деп тұспалдаймыз. Нұрәлі – Қазақстандағы ең бай 75 бизнесменнің қатарына кіреді. "Forbes" оның байлығын 220 миллион доллар деп бағалаған.