Munarmedia.kz.30.09.2025 ж. /Көкшетау/ Көкшетауда – Ақмола облысының белбеу күресі федерациясының президенті, халықаралық дәрежедегі төреші, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Мәуленнің 60 жылдық мерейтойы аталып өтті. Спорт кешенінде ұйымдастырылған салтанатты шарада тек мерейтой ғана емес, белбеу күресінен республикалық чемпионат та өтті.
Нұрлан ағамыздың өмірбаяны – ұлттық спортқа адал қызмет пен жас буынды тәрбиелеудің жарқын үлгісі. Ол жауырыны жерге тимеген әлем деңгейіндегі чемпиондарды тәрбиеледі. Оның шәкірттері Қазақстанның көк туын әлем аренасында желбіретіп, облыстың және елдің абыройын асқақтатады. Мәселен, соңғы 10 жылда оның шәкірттері әлемдік жарыстардан алтын, күмістермен медальмен оралды. Бұл – Қазақстан белбеу күресінің халықаралық деңгейде танылуына қосқан айтарлықтай үлесі.
Көктемде Астанада Нұрлан Мәуленге арналып ғылыми конференция өткен болатын. Сол жиында спорт саласындағы еңбегі, шәкірт тәрбиелеудегі жүйелі әдісі және ұлттық күресті насихаттаудағы рөлі кеңінен танылды. Бүгінгі шара да дәл осы дәстүрді жалғастырды – елдің түкпір-түкпірінен келген балуандар белбеу күресінде бақ сынап, Нұрлан ағамыздың жолын лайықты түрде дәріптеді.
Мерекеге келген көпшілік құр келмеді. Туризм және спорт министрлігі Нұрлан ағамызға медалін тақса, Ерейментаулық Абай Әлжанов бастаған азаматтар ат мінгізді. Бір емес дәл сол күні бірнеше ат мінгізілді. Елінің құрметіне бөленген батыр балуанға бірі шапан, бірі төсбелгі, бірі алғыс хатын беріп жатса ең жоғарғы марапат Монғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің Жарлығымен кеудесіне тағылған "Найрамдал" "Достық" ордені болды. Бұл марапттаты Қазақстанның Монғолиядағы елшілігінің қызметкерлері жеткізді. Сонымен қатар Нұрлан ағаның Монғолиядағы тұңғыш бапкері, Монғолияның пілі Цэрэвдоржы шәкіртінің тойына арнайы келіп құттықтауы да Нұрлан ағамыздың беделі мен зор мәртебесінің арқасы деп білеміз.
Нұрлан ағамыздың отбасы да ұлттық спортқа адал қызмет етеді. Оның ұлдары әлем чемпиондары, ал жеңгеміз Таня Сахабақызы спорт шебері. Бұл отбасы тек белбеу күресі мен спортты дәріптеп қана қоймай, еліміздің мәдени және рухани өміріне де үлес қосуда. Бұл жерде жалпы белбеу күресі туралы да ақпарат бере кетсек: Белбеу күресі – қазақтың ұлттық күресі ретінде тарихы терең, спорттық және мәдени маңызы зор сала. Сізге оның негізгі аспектілерін қысқаша жүйелеп айтып берейін:
Тарихы мен шығу тегі
-
Белбеу күресі – қазақ халқының ежелгі жауынгерлік дәстүрлерінен шыққан ұлттық спорт түрі.
-
Оның түпкі тамыры көне қазақ қоғамындағы физикалық дайындық, жауынгерлік шеберлік пен батырлық дәстүрге негізделген.
-
Бастапқыда бұл күрес ауылдық тойлар мен жәрмеңкелерде өтетін халықтық ойын ретінде танылған.
2. Ережесі мен негізгі ерекшеліктері
-
Күрес «белбеу» арқылы жүргізіледі – қарсыласын белінен ұстап, тепе-теңдікпен төсеуге тырысады.
-
Негізгі мақсаты – қарсыласты жерде жамбасы мен арқасы арқылы қалдыру.
-
Жеңімпаз – қарсыласын ережеге сай жерге бірінші лақтырған адам.
-
Күреске физикалық күш, жылдамдық, техникалық шеберлік және стратегия қажет.
3. Қазіргі замандағы белбеу күресі
-
Белбеу күресі Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде дамытылып келеді.
-
Республикалық және халықаралық чемпионаттар ұйымдастырылып, кәсіби бапкерлер мен спортшылар дайындалады.
-
Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан, Алматы облысы сияқты өңірлер белбеу күресін дамытуда алдыңғы қатарда.
4. Әлемдік деңгейде танымалдылығы
-
Белбеу күресі халықаралық күрес федерацияларында (мысалы, FILA) ұлттық күрес түрі ретінде таныстырылып, халықаралық жарыстарға енгізілуде.
-
Қазақстандық спортшылар әлемдік чемпионаттар мен Азия жарыстарында белсенді қатысады.
5. Мәдени және тәрбиелік мәні
-
Белбеу күресі тек физикалық дайындық емес, ұлттық дәстүр мен батырлық рухты насихаттау құралы.
-
Жастарға төзімділік, күш, әділдік және өзге адамға құрмет сезімін тәрбиелейді.
«Бел кетсе де, белбеу кетпесін» – бүгінгі іс-шарада айтылған сөздің мәні де осы. Ұлттық өнерді насихаттап, ұлт ұландарын тәрбиелеп жүрген Нұрлан Мәулен сияқты бапкерлердің еңбегі әрдайым лайықты құрметке ие.
Ақмола облысының әкімдігі ұйымдастырған бұл ғибратты кеш – спортқа, шәкірт тәрбиесіне, ұлттық дәстүрге берілген бағалы үлгі.
Алпысқа толған асқарыңыз құтты болсын, Нұрлан аға! Ел үшін еңбек ете беріңіз, шәкірттеріңіз бен ұрпақтарыңыз сіздің жолыңызды одан әрі асқақтатар.