Елдегі басқарушы «Азаматтық күш» партиясының 204 депутаты «иә» деп дауыс берген. Бұған дейін 7 желтоқсанда партия импичмент жариялауға арналған дауыс беруге бойкот жариялады.
Елдегі саяси дағдарыс желтоқсанда басталған. Басты себеп – президенттің елде әскери жағдай режимін енгізуі. Әскери жағдай енгізілген соң парламенттің 190 депутаты ғимаратқа кіріп, президент шешімін тоқтатуға дауыс берген.
Енді ел басшысына импичмент жарияланған соң, шешімді конституциялық сот қарайды. Істі қарау 6 айға дейін созылуы мүмкін.