Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Оңтүстік Корея заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандықты депортацияламақ

63

Оңтүстік Корея заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 мың қазақстандықты депортацияламақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. Еңбек министрі Светлана Жақыпова Оңтүстік Корея билігінің заңсыз жұмыс істейтін 15 мыңға жуық қазақстандықты отанына қайтаруды талап еткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – екі ел арасындағы заңды жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол қою шарттарының бірі.

"Біз құжатты бекітіп, сыртқы істер министрлігі арқылы Оңтүстік Кореяға жібердік. Қазір оны Корея билігі қарастырып жатыр. Олар бізге үш шарт қойды", – дейді Жақыпова.

Министрдің айтуынша, Оңтүстік Корея билігі қойған шарттар арасында:

- Қазақстанның Кореядағы елшілігінде жұмыспен қамту атташесі лауазымын енгізу;

- Кореяда заңсыз жүрген 15 мың Қазақстан азаматын қайтару;

- Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге баратын барлық қазақстандыққа міндетті сертификаттауды енгізу бар. 


"Біздің тарапымыздан барлық шарт орындалды, күту ғана қалды. Заңсыз мигранттарға реадмиссия процедурасы қолданылады. Бұл сыртқы істер министрлігіне қойылатын сұрақ. Егер олар өз еркімен билет сатып алып, қайтып келсе, ешқандай жауапкершілік болмайды. Әйтпесе, олар заңды жауапкершілікке тартылады, бірақ нақты қандай шаралар қолданылатыны әлі белгісіз", – дейді министр.

Министр келісімге қол қою бойынша барлық жұмысты жылдың соңына дейін аяқтау керек екенін айтты.

"Бұл мәселемен бір жылдан бері айналысып келеміз. Орталықтар Павлодар, Өскемен, Түркістан қалаларында ашылды, бірақ Корея орталықтардың Кореяға тікелей рейстері бар қалаларда ғана орналастырылуын талап етті. Сондықтан тестілеу Алматы, Түркістан қалалары мен Алматы облысында жүргізіледі", — деді Жақыпова.

Еске салсақ, бұған дейін іздеуде жүрген қазақстандықтар Оңтүстік Кореядан елге қайтарылғаны туралы жазған едік.