Munarmedia.kz 03.12.2025 / Астана / Оңтүстік Кореяда еңбек мигранты ретінде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты жаңа жеңілдетілген тәртіп енгізілді. Олардың 2026 жылғы ақпанға дейін ерікті түрде елге қайтуына мүмкіндік беріледі. Ең бастысы – бұл бағдарламаға қатысушыларға айыппұл салынбайды, сондай-ақ қайта кіруге тыйым болмайды.
Алайда жеңілдік барлық шетелдікке бірдей қолданылмайды. Бағдарлама:
-
қылмыстық құқықбұзушылық жасағандарға,
-
мәжбүрлі түрде елден шығарылуы тиіс тұлғаларға,
-
2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетел азаматтарына таралмайды.
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерікті қайту рәсіміне қажетті құжаттарды да нақтылады. Бағдарламаға қатысу үшін:
-
паспорт,
-
ерікті кету туралы өтініш,
-
авиабилет болуы қажет.
Шетелдіктер алдын ала ескертуін кету күніне 15 күннен 3 күнге дейінгі аралықта Корея Республикасының иммиграциялық кеңселеріне тапсыруы тиіс.
Бұл шара мыңдаған қазақстандыққа елге еш кедергісіз оралуға мүмкіндік беріп, екі ел арасындағы көші-қон мәселелерін реттеуге оң ықпал етуі күтіледі.