Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Оператор РОП? Әлияның ауадан ақша жасау схемасы смартфон нарығына ауысты...

113



Саудамен айналысатын қауымға қызық болар: Қазақстанда жаңа смартфондарды тіркеу (смартфон салығы) жүйесі енгізіліпті.

Енді әрбір телефонның IMEI-коды үш санат бойынша – «ақ», «сұр» және «қара» тізім арқылы бақыланбақ. Бастаманы Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев ойлап тапқан екен.

Смартфондарды ресми тіркеу үшін енді заңды тұлғалар арнайы жүйеге тіркеліп, әрбір телефон үшін 4 мың теңгеге жуық төлем жасауы міндетті.

Ең қызығы, төлем мемлекет қазынасына емес, жекеменшік «ATS Mediafon KZ» ЖШС-ның есеп-шотына түседі екен.



Жыл сайын Қазақстанға ресми түрде 4 миллионға жуық смартфон кіретінін ескерсек, бір жылда шамамен 16 миллиард теңге жеке компанияның қалтасына құйылады деген сөз.

Әшкере қарапайым халық тұтынатын тауардан түсетін қаражаттың не себепті мем.бюджетке емес, жеке компанияға кететінін түсінбей отыр.

Мәселеге алғашқы болып эколог Павел Әлександров назар аударыпты.

Пікірінше, смартфондарды тіркеу жүйесі Әлия Назарбаева иелік еткен атышулы "РОП операторының" жұмысынан аумайды.



Бұған дейін утилалым арқылы қалтасын қампайтқан Әлияның мекемесі көлік алғысы келетін халықтың қанын ішкен еді. Бұл да дәл сол жүйенің жалғасы іспетті.

Мемлекеттің міндетіне кіретін бақылау мен реттеуді неге жеке компания атқаруы керек? Бұл түбі тұтынушының қалтасына салмақ салатыны анық қой? Сіз не ойлайсыз?