Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Оралдық әлеуметтік қамсыздандыру орталыңының директорына қатысты тергеу аяқталды

40

Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік саладағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Агенттік уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді белгілеу бойынша профилактикалық, алдын алу, сондай-ақ жедел іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізеді.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеу арқылы 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

Айыпталушы сотқа тартылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.