Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Өскеменнің екі тұрғыны Украинадағы соғысқа қатысып, қаза тапқан

74


Шығыс Қазақстан облысындағы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің дерегінше, Өскемен тұрғындары 2024 жылы Ресейге кетіп, Украина аумағындағы соғысқа қатысқан. 

Департаменттің мәліметінше, олар Донецк облысында ауыр жараланып, қан жоғалтып, қайтыс болған. Марқұмдардың сүйегі Өскеменге жеткізілген. 

ҰҚК департаменті оларға қатысты Қылмыстық кодекстің "Шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу" бабы бойынша тергеу жүргізген.

2025 жылы Өскемен қаласы №2 сотының қаулысына сәйкес, айыпталушылардың қайтыс болғанына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Қазақстанда шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқан азаматты қылмыстық жауапқа тарту 2014 жылы Украинаның Донецк және Луганск облыстарында соғыс басталғаннан кейін енгізілген. 


Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі