Munarmedia.kz 17.03.2026 /Astana/ – Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, гуманитарлық жүк құрамына азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтар кірген. Атап айтқанда, ұн, күріш, қант, макарон өнімдері, күнбағыс майы, консервілер, сондай-ақ түрлі дәрілік препараттар мен медициналық қажеттіліктер иран тарабына жеткізілген.
Гуманитарлық жүкті қабылдау рәсіміне Дарегаз қаласының әкімі Муджтаба Базмара, Иран Сыртқы істер министрлігінің Хорасан-Разави провинциясындағы өкілдігі басшысы, министрдің кеңесшісі Али Масумифар, сондай-ақ Иранның Түрікменстандағы елшісі Али Муджтаба Рузбехани қатысты.
Іс-шара барысында ресми тұлғалар Өзбекстан президентіне көрсетілген гуманитарлық көмек пен Иран халқына білдірілген қолдау үшін шынайы алғыстарын жеткізді.
Сондай-ақ олар бұл бастама екі ел арасындағы достық, ынтымақ және өзара қолдау дәстүрлерінің айқын көрінісі екенін атап өтті.