Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Өзбекстанда 300-ге жуық шенеунік немқұрайлылық пен жауапсыздығы үшін жұмыстан босатылды.

38


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, халық пен жеке бизнес мәселелерін шешуде жалқаулық пен жауапсыздық танытқан экономикалық саладағы 297 шенеунік қызметінен босатылған. Бұл деректі мемлекет басшысы махаллада кедейлікті азайтуға арналған жиналыста келтірді, деп хабарлады оның баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.

Мирзиеевтің сөзінше, кейбір басшылар махаллада туындаған мәселелерді уақытша деп санап, олар өздігінен шешіледі деп ойлайды. Алайда мұндай салғырттық пен әрекетсіздікке жол беруге болмайды. Сондықтан 300-ге жуық мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. Олардың орнына жаңа көзқарасы бар, бастамашыл жас мамандар тағайындалды. Олар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа идеяларды іске асырып, нақты нәтижеге қол жеткізе алатын мамандар болуы тиіс, деп атап өтті президент.

Сонымен қатар, ол қазіргі мемлекеттік қызметкерлерге ескерту жасап, егер олар махаллада халық пен кәсіпкерлердің мәселелерін шешу үшін белсенді жұмыс жүргізбесе, жұмыстан босатылатынын айтты.

Президент бүгінгі әлемде саясат пен экономиканың күрделене түскенін, жаңа қауіп-қатерлер пайда болып жатқанын айтты. Егер дәл қазір шешім қабылданбаса, кейін тым кеш болатынын ескертті.