Өзбекстанда әлеуметтік желідегі әдепсіз әрекеттер үшін жазалайтын болды

23

Munarmedia 19.03.2026 /Астана/ — Өзбекстанда әлеуметтік желілердегі әдепсіз әрекеттер үшін жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Munarmedia.

Жаңа заң жобасына сәйкес, Instagram және Telegram желілерінде балағат сөздер қолданылған, қорлау сипатындағы немесе құқықбұзушылықты көрсететін бейнематериалдар жариялаған азаматтарға айыппұл салынып, тіпті қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.

Құжатта сондай-ақ келесі әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған:
– шетелдегі соғыс қимылдарына қатысуды насихаттау;
– адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын материалдарды жариялау.

Аталған заң жобасы депутаттар тарапынан қабылданып, қарау үшін Сенатқа жолданған.