Өзбекстанға жасырын тоннельмен мұнай тасымалдағандар ұсталды

147


Түркістан облысы прокуратурасының хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында контрабандистер 450 метрлік тоннель қазған.

Тоннель арқылы екі ай бойы күн сайын Қазақстаннан Өзбекстанға 5−7 тонна жанар-жағармай заңсыз шығарылып отырған.

«Арнайы іс-шаралар барысында қылмыстық топтың барлық мүшелері анықталды, олардың арасында Өзбекстан азаматтары да бар. Ұқсас шаралар Өзбекстанның құқық қорғау органдарымен де мемлекеттік шекараның шекаралас аймағында жүргізілді», — делінген хабарламада.