Ескі Қазақстанның олигархтары мен ықпалды шенеуіктерінің биылғы мамыр айынан бері «Өзге Қазақстан» атты бейресми жасырын ұйым құрып, бір жерге топтаса бастағанын жазған болатынбыз. Олардың идеологтары Талғардағы Шерзат ісін триггер ретінде алып, 16 желтоқсан күні жастарды көтеру үшін Тик-ток пен Инстаграм желісінде "За Шерзата" кампаниясын бастады. Кампанияға 300 миллион теңгедей қаржы бөлінген.
"Өзге Қазақстан" жасырын ұйымының белсенділігі қазан айынан бері күрт артты. Қазір олардың қолында кемінде 500 белсенді аккаунт жинақтап отырған кәсіби ботоферма бар. Негізгі электораты жастар және кәсіподақтар болып табылады.
Соңғы уақытта «Өзге Қазақстан» ірі кәсіпорындардағы кәсіподақтармен астыртын байланысын күшейткенін жазған болатынбыз. Егер қаладағы тик-ток жастар көтерілсе, ізін ала әлеуметтік талап қойған жұмысшыларды көтеру жоспары да болуы мүмкін. Моноқалалар мен ірі кәсіпорындарда кемінде екі миллион адамнан асатын топ бар. Бұл үлкен күш.
Мәскеудегі Путин мен Назарбаев кездесуінің 16 желтоқсанға үш күн қалғанда өтуі де тегін емес.