Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Өзімізді алдап отырмыз. Депутат қытайлық киімдердің отандық деп сатылуы туралы

77


Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қазақстандық өнім ретінде сатылатын қытайлық тауарлар туралы наразылығын білдірді. Оның айтуынша, мұндай өнімдердің бағасы көтеріліп, оларды сатып алушыларды алдап жатамыз. Бүгін Мәжілісте тауарлардың шыққан елін анықтау мәселесі бойынша заңға өзгерістер енгізу мақұлданды. Осы құжат аясында отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстанда өндірілген тауарлардың реестрі құрылатын болады.

«Отандық өндірушілерді қолдаймыз деген желеумен түрлі компаниялар дайын өнімді әкеліп, оны отандық өнім ретінде тіркейді. Бұл бағасын арттырады. Ақша қаражаттары заңсыз айналымға кетеді. Шынында біз өзімізді өзіміз алдаймыз», — деді депутат.