Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Өзін өзі құрметтеген әкім

41



Ақтөбе облысында әкім өзін ауданның "Құрметті азаматы" медалімен марапаттаған. Саламат Аманбаев “Темір ауданының Құрметті азаматы” куәлігіне өзі қол қойған.

Өткен жылдың 20 желтоқсанында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы әкімге осы атақты беру туралы ұсыныс жолдаған. Ол 2 күн ішінде қолдау тауып, 22 желтоқсанда комиссия отырысы өткен. “Маңызды мәселе” көтерілген мәслихат отырысына 12 депутат қатысып, қолдай кеткен. Олар 3 күн ішінде шешім шығарып, 25 желтоқсанда марапатты табыстаған.

Депутаттар Саламат Аманбаевқа Темір ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, су тартып, асфальт төсеп, ауданды абаттандырғаны үшін алғыс айтқан.

Саламат Аманбаев бұл қызметте 2021 жылдың наурызынан бері отыр.

Айта кетейік, биыл су тасқыны кезінде Темір ауданында 57 үй қирап қалды. Өңір тасқын кезінде 600 миллион теңгеден аса шығынға батты. Сондай-ақ мектеп оқушысының өлімі тіркелді.