Партияаралық диалог: «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер»

35

Munarmedia.kz 02.03.2026 /Astana/ – Астанада Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық диалог өтті.

🔴 Студиялық дебат форматында ұйымдастырылған іс-шара барысында жеті саяси партияның өкілдері құжаттың негізгі нормаларын түсіндіріп, жүргізушілер мен азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.


Елімізде тіркелген жеті партияның басшылары қатысқан дилаогтың еліміздегі партиялардың атаулары бөлек болғанымен елімізде болып жатқан реформаларға бейжай қарамайтындықтарын және Президент реформаларын толық қолдайтындықтарын білдірді. Жаңа Конституцияның жобасын талқылауға Қазақстанның "Байтақ"жасылдар партиясының төрағасы Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы және партия хатшысы Тәңріберген Маратұлы Бердіоңғаров қатысты. Бір сағаттан астам жүрген ашық диалог тікелей эфирден көрсетіліп, әр партияның өкілі еліміздегі Констиуциялық реформалардың өзгерістері туралы нақтылап түсіндірді.


Билік тарапынан ұйымдастырған мұндай ашық дилаогтардың еліміздегі саяси ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер және жалпы азаматтық қоғамның саяси белсенділігінің артуына, бір мақсатқа бірігуіне тамаша бастама екені сөзсіз. 

Сарапшылардың пікірінше, Конституцияға енгізілетін экологиялық және құқықтық кепілдіктер елдегі басқару мәдениетін жаңғыртып, азаматтардың мемлекет ісіне қатысуын жаңа деңгейге көтеруі тиіс. Экология – уақытша науқан емес, мемлекеттің стратегиялық бағыты. «Байтақ» жасылдар партиясы төрағасы Азаматхан Әміртаев Жаңа Конституция жобасында алғаш рет жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекеттің түбегейлі қағидаты ретінде енгізілгенін мәлімдеді.


Оның айтуынша, бұл норма қоршаған ортаны қорғауды егемендік, заң үстемдігі және адам құқықтарымен тең деңгейге көтереді.

Партия төрағасының сөзінше, 37-бапта әрбір азаматтың табиғатты қорғау міндеті айқын көрсетілген. Ал 8-бапқа сәйкес, меншік иелері өз мүлкін қоғам мүддесіне және экологиялық талаптарға сай пайдалануға тиіс. Сонымен қатар табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты атап өтіледі.

«Бұрын экологиялық нормалар декларативті сипатта болса, енді олар нақты әрі айқын бекітілді. Қоршаған ортаны қорғау – әрбір қазақстандықтың конституциялық жауапкершілігіне айналады. Бұл мемлекеттің экологиялық және әлеуметтік жауапкершілігін институционалды тұрғыда күшейтеді», – деді Азаматхан Әміртаев.

Оның пікірінше, бұл өзгерістер экология мәселесін тек министрліктердің емес, бүкіл қоғамның ортақ ісіне айналдыруға бағытталған.


Тәңірберген Бердонғар, «Байтақ» партиясының хатшысы, Жаңа Конституция жобасына «Миранда қағидасының» енгізілуінің құқықтық және практикалық маңызы туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, бұл норма әрбір азаматқа ұсталған сәттен бастап үнсіз қалу құқығын және адвокат көмегін пайдалану мүмкіндігін кепілдендіреді.


«Бұл – азаматтарды қысым мен мәжбүрлі түрде жауап алудан қорғаудың маңызды тетігі. Сонымен бірге құқық қорғау органдарының жауапкершілігін арттырып, мемлекетке деген сенімді күшейтеді», – деді партия өкілі.