Париж прокуратурасы Telegram
каналының негізін қалаушы Павел Дуровқа
қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтардың телеграмм арқылы өзара байланысын қамтамасыз етті деген
қылмыстық істі тергеу жұмыстарының басталғанын хабарлаған болатын.
39 жастағы Павел қамауға алынып, сот бақылауында отырып 5
млн евро көлемінде (4,2 млн фунт стирлинг немесе 5,6 млн АҚШ доллары) кепіл
жарнасын төлеуді міндеттеді. Тегі орыс, Франция азаматы Павел Дуров аптасына
екі рет полиция участогіне келіп тіркеліп тұруға міндетті және Франция
территориясынан ешқайда кетуге болмайтыны туралы ескертілді.
Дуров өткен сенбіде Париждегі Ле-Бурже әуежайында
тұтқындалған болатын.