Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Перизат Қайраттың "Biz Birgemiz" қоры және Amanat партиясы

86


 

Қаржылық мониторинг агенттігі "Biz Birgemiz" қорының басшысы Перизат Қайраттың ұсталғаны туралы хабарлады. Перизатты су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған қаражатты жымқырды деп  айыптаған. Перизат Қайрат 1,5 миллиард теңгеден астам қаржыға  люкс көліктер, астанадан элиталық тұрғын үй кешендерінен пәтер алу, шетелде демалу, бес жұлдызды қонақүйлерде тұру және бренд киімдер сатып алуға жұмсаған деп айтыпталды.

Сонымен қатар, Ratel.kz басылымы “Biz Birgemiz” қоры туралы зерттеу жүргізіп, оны кім құрғаны және Перизат Қайраттың кім екендігі туралы мәлімет алуға тырысты. Айта кетсек, "Biz Birgemiz" - танымал хэштег болып табылады, оны биылғы су тасқыны кезінде ғана емес, коронавирус кезеңінде де, тіпті жергілікті әкімдік қызметкерлері мен Amanat партиясына жақын еріктілер қолданған. Әлеуметтік желілерде жиі қолданылатын бұл термин еріктілерді көмек көрсетуге шақыратын «ұран» ретінде пайдаланылды.

Қордың ресми мәліметтеріне сәйкес, "Biz Birgemiz" қозғалысында 15 мың ерікті бар, олар төтенше жағдайларда (су тасқыны, өрт сөндіру, пандемия) көмек көрсетіп, көпбалалы отбасыларға, мүгедек балалары бар жанұяларға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, қор халықаралық дәрежедегі қайырымдылық шараларымен де айналысады. Түркиядағы жер сілкінісі және Палестинадағы қақтығыс кезінде де көмек көрсеткен.

Adata.kz қызметінің мәліметтері бойынша, "BIZ BIRGEMIZ QAZAQSTAN 2030" қоғамдық бірлестігі 2021 жылдың 11 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаментінде тіркелген. Оның басшысы ретінде Перизат Қайрат көрсетілген. Одан басқа, қордың құрылтайшылары:

Аружан Оразбайқызы Аманбай

Тохтар Коммунарович Болысов – "INMODE" және "CONSULT-INVEST ITIC" ЖШС компанияларының басшысы

Арсланбек Талғатұлы Мақзұм – Amanat партиясының жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанатының Астана қалалық филиалының басшысы

Сергей Владимирович Матюшенко – Астанадағы “Байқоңыр” аудандық филиалының басшысы және “Азаматтық қозғалыс “Мы”” қоғамдық қорының басшысы

Гүлнәр Нұрланқызы Сейткамал

Айгерім Тельжановна Серікжанова – “Жастар Рухы” жастар қанатының бұрынғы құрылтайшысы және SAT MEDIA компаниясының директоры

Шадияр Докторұлы Тұрғанбай

Аян Бауыржанұлы Хафиз – “Жастар Рухы” жастар қанатының бұрынғы құрылтайшысы

Дамир Сағынұлы Хисматуллин

Қорды құрушылардың барлығы Перизат Қайрат та, қор құрылтайшылары мүшелері болып табылады. Қор 2023 жылы 165 мың теңге көлемінде салық төлеген. Adata.kz деректері бойынша, Перизат Қайрат “Rebel Flowers” ЖШС, “Р-К” ЖК директоры және «Пара үстел теннисі» федерациясының негізін қалаушы Республикалық қоғамдық бірлестігі нің басшысы болып табылады.

“Rebel Flowers” компаниясы салық төлемдерін 2022 жылдан бері жасаған, жалпы сомасы 9,7 миллион теңге. Компанияның қызмет түрі – “басқа бөлшек сауда” және “көкөніс өсіру және олардың тұқымдары мен көшеттерін өсіру”.

 2GIS сервисінің деректері бойынша, Астанадағы гүл сататын дүкені бар, бұл туралы Перизат Қайраттың өзі жеке блог та жүргізіп әлеуметтік желіге жариялап отырған. Әлемжеліде өзі таратқан ақпараттарға қарасақ, жасы 32-де, Ақтөбе қаласының тумасы, 2015 жылы Астанаға көшіп келген. Ол Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінің түлегі, БАӘ-де тұрып, жұмыс істеген, содан кейін Қазақстанда әкімдік, саяси партиялар мен ҮЕҰ-да қызмет атқарған.

Перизат Қайрат әлеуметтік желідегі парақшасында гуманитарлық көмектің қалай жеткізілгені туралы посттар жариялап отырған . Оларды ҚР қорғаныс министрлігінің әскери ұшақтарымен тасымалдаған. Су тасқыны аяқталғаннан кейін оның парақшасындағы жарияланымдар өзгерді: қазір ол әлемнің әртүрлі елдерінде түскен суреттерін жариялай бастады. Перизат Қайрат Prada брендінің жабық көрсетіліміне қатысып, Кембриджде оқуға түскені туралы да хабарлаған.