Тергеу изоляторында дене жарақатын алдым деп шағымданған Перизат Қайраттың арызы дәлелденген жоқ. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz.
9 шілде күні Перизат Қайрат прокуратураға ресми шағым түсірген болатын. Өз арызында ол СИЗО қызметкері камера есігін қатты жауып, өзін есікке қысып қалды деп көрсеткен.
«Перизат Қайраттың камера есігін жапқан кезде дене жарақатын алдым деген мәлімдемесі расталмады. Бұл арызда көрсетілген уақыт аралығында түсірілген бейнебақылау камерасының жазбаларын тексеру нәтижесінде анықталды», – деп жазылған Астана қаласы Полиция департаментінің ресми мәлімдемесінде.
Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу жалғасып жатыр және арнайы сараптама тағайындалған.
Бұған дейін Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптарды мойындамай, халыққа шындықты жеткізуге тырысатынын мәлімдеген еді.