Петропавлда монтажшылар жеті метр биіктіктен құлап, бір адам қаза тапты

23

Munarmedia.kz 06.12.2025 / Астана  Петропавлда интернет-кабель тарту бойынша жұмыстар кезінде қайғылы оқиға тіркелді. 5 желтоқсан күні таңертең екі маман отырған көтергіш люлька жеті метр биіктіктен құлап, ауыр салдары бар жазатайым жағдайға әкелді.

Оқиға орнында қызмет атқарған 35 жастағы жеке компания инженері алған жарақатынан сол жерде қаза тапты.

Ал 31 жастағы «Қазақтелеком» қызметкері ауыр халде, көптеген жарақаттармен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Полиция бұл факті бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан адам өліміне әкелу бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Құзырлы органдар оқиғаның себептерін анықтап, кінәлі тұлғалардың жауапкершілігін қарастыратынын мәлімдеді.