Иран АҚШ-пен келісімге келуге дайын. Алайда, президент Масуд Пезешкиан елдің АҚШ-қа бағынбайтынын мәлімдеді. Сондықтан, Ақ үй билігінен қоқан-лоқы көрсетіп, үркітіп-қорқытуды доғаруын талап етті.
Пезешкиан Оман арқылы АҚШ-пен Таяу Шығыстағы тұрақтылыққа кепілдік беретін әділ келісімге қол жеткізуді жоспарлап отыр.
Алайда, Трамп әкімшілігінің қояр шарты басқа. Американың арнайы өкілі Стив Уиткофф Иран уранның 1 пайызын да игермейді деп отыр. Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұған жауап ретінде кез-келген жағдайға қарамастан уранды байытуды жалғастыратынын мәлімдеді.
Пезешкиан: Иран АҚШ-қа бағынбайды
