Мемлекет басшысы Électricité de France (EDF) компаниясының бас директоры Люк Ремонды қабылдады.
Президентке атом электр станцияларын басқаратын әлемдегі ең ірі компанияның қазіргі қызметі мен жоспары туралы мәлімет берілді.
Француз компаниясы АЭС құрылысына арналған ядролық технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енеді. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде осы маңызды жобаны жүзеге асырудың ықтимал моделі ретінде халықаралық консорциум құру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын атап өтті.
Люк Ремон өз кезегінде «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен өзара тиімді серіктестікті жалғастыруға ниетті екенін растады.
EDF – электр қуатын өндірумен және таратумен айналысатын Францияның мемлекеттік компаниясы. 67 атом реакторын басқарады, оның 56-сы – Францияда, 9-ы – Ұлыбританияда, 2-і Қытайда орналасқан (бұл – әлемде пайдаланылатын атом электр станцияларының жиынтық қуатының шамамен 18 пайызы). Компания Францияда тағы 14 реактор салмақ.
Оңғар Қабденнің парақшасынан