Munarmedia.kz 02.03.2026 /Astana/ – Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
Президент Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов пен күштік құрылымдарға, сондай-ақ салалық ведомстволарға ықтимал тәуекелдерге қатысты шұғыл іс-қимыл жоспарын әзірлеуді жүктеді. Әңгіме Иран төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуінен туындауы мүмкін қатерлер туралы болып отыр.
▪️ Күштік ведомстволар тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшірілді.
▪️ Үкіметте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестіруімен арнайы мониторингтік топ құрылды.
▪️ Өңір әкімдеріне ахуалды жіті бақылауда ұстап, алдын ала қажетті шараларды қарастыру тапсырылды.
Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, ел ішіндегі жағдай тұрақты және толық бақылауда.


![]()
![]()