Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Президент Тоқаев үкіметке "Самрұқ-Қазынамен" бірлесіп атом саласын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеуді тапсырды

59



🗣

 "Энергия тапшылығы артып отырған шақта бірінші АЭС құрылысын жылдамдатқан жөн, және де тұтас алғанда, ядролық [қуат] кластерін құруға кірісу керек. Бұл еліміздің прогресін қамтамасыз ету үшін маңызды міндет" деді президент.

Бұған қоса Тоқаев үкімет пен парламенттен елде екінші АЭС құрылысы салынатын жерге байланысты ұсыныстар күтетінін айтты.

🗣

 "Тағы да айтамын: елімізге ядролық энергия қажет, онсыз Қазақстанның ілгерілеп дамуы күмәнді болмақ. Энергия – бүкіл экономикамыздың қозғаушы күші" деді Тоқаев.

Қазақстан президенті "тездетіп" салу қажетін айтып отырған бірінші АЭС-тің құрылысын нақты кім жүргізетіні әлі айқындалған жоқ.