Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

31



Құжатта:
    🔵тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
    🔵археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
    🔵тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
    🔵қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
    🔵археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
    🔵мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
    🔵қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
    🔵тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
    🔵мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
    🔵туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.