Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Президент Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

36



Тимур Сүлейменов Ұлттық Банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді.

Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы және инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде баяндады:

✔️жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлардың сақталып отырғанын айтты;
✔️Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйіне тоқталды;
✔️Ұлттық төлем жүйесі мен ашық банкинг принциптерін дамыту және қазақстандықтардың қаржысын алаяқтардан қорғау үшін антифрод-орталық құру жобаларын жүзеге асыруға қатысты Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы айтты.