Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Путин: Алло, Қасым-Жомарт Кемелевич, айыпқа бұйырмаңыз...

53



Путиннің кешкі ас кезінде күтпеген жерден Тоқаевқа қоңырау соғуы тегін емес екен деп жазады Ertenmedia.kz.

Негізінен, Кремльдің күн тәртібіне қарсы сөйлейтін ресейлік сарапшы Әркадий Дубновтың пайымдауынша, ресми ақпаратта айтылған 9 май, энергетика және Ресей-АҚШ қарым-қатынасынан тыс

бұл әңгіме дипломатиялық тұрғыдан "тым қатты кеткен" Лавровтың соңғы мәлімдемесін жуып-шаю әрекетіне көбірек ұқсайды.



Екі-үш күн бұрын Ресей сыртқы істер министрі Тоқаевтың 2022 жылы Петербор форумындағы пікіріне қарсы шыққан еді. Осы шарада Ақорда басшысы ДНР мен ЛНР сияқты құрылымдарды мойындаудан бас тартып, Кремльдің жетегіне ермейтінін аңғартқан.

Ал Лавров болса, "аумақтық тұтастық өз жеріндегі барша ұлттың мүддесін толық қорғай алған елдерге ғана сақталуы тиіс. Егер мұны орындай алмаса, онда сол елдің аумағының бір бөлігі "біз бөлек кетеміз" деп бөлініп шығуына болады" деп бықсыған еді.

Ресейлік дипломаттың пайымы, ел ішінде "Кремль солтүстік облыстарға көз тіге бастады" деген мәселені қайта қоздырған-тұғын.

Дубновтың пікірінше, Путиннің кешегі қоңырауы осы ыңғайсыздықты реттеп, Лавров мәлімдемесінен кейін Астана мен Мәскеудің арасында туындаған күдік-күмәнді сейілтудің амалы.

"Иә, иә Кремль көсемі Тоқаевты тұқыртқысы келген Лавровтың сөзін шуып-шаймақ болды. Бірақ бұл телефон шалумен шешілетін мәселе емес", - дейді Дубнов.



Оның меңзеуінше Ақорда идеологтары ресейлік дипломаттың сөзінен тиісті сабақ алған.