Путин: Батыстың өзі ұзамай күйрейді

47

Munarmedia.zk.29.06.30 /Астана/-Ресей президенті Владимир Путин Батыс елдерінің экономикалары туралы пікір білдіріп, олардың күйреуі жақын қалғанын айтты. «Олар бізді жерлей беруден жалықпайды. Өздері жақында сеспей қататын болады», — деді ол Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форумда. Путиннің айтуынша, өткен жылы Ресейдің ЖІӨ 4,3%-ға өскен, ал Еурозонада өсім небәрі 0,9% болған. Германия сынды ірі экономикалар рецессия шегінде тұр. Алайда биыл Ресей экономикасының өсуі «анағұрлым баяу» болады. Ол мұны инфляцияға қарсы шаралармен түсіндірді. Сонымен қатар Путин Еуроодақтың жаңа санкциялары Батыстың өзіне зиян келтіреді деп мәлімдеді.