Munarmedia.kz 02.02.2026 /Астана/ 2026 жылғы қаңтар айында Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз алып өтудің 25 дерегінің алдын алды. Бұл туралы ведомство хабарлады.
Шекарашылар заңсыз айналымнан екі аңшы мылтығын, 66 суық қаруды, үш жарық-дыбыс гранатасын және 78 оқ-дәріні тәркіледі. Аталған фактілердің барлығы құзырлы органдармен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар барысында анықталған.
Сонымен қатар бір ай ішінде шекаралық кеңістікте 3026 құқық бұзушы ұсталған. Олардың 2594-і шетел азаматтары болған.
Қару-жарақтан бөлек, шекарашылар тауарлар мен жүктерді заңсыз алып өтудің 1062 әрекетінің жолын кесті.