Қаңтар айының алғашқы күндерінде 66 мың қазақстандық өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелді

31

Munarmedia.kz 11.01.2026 /Астана/ 2026 жылғы қаңтардың алғашқы 10 күнінде Қазақстанда 66 мың адам өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде жұмысын бастады. Бұған дейін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей табыс тауып келген болса, енді қызметін ресми түрде, жеңілдетілген ережелер бойынша жүзеге асыруда.

Бұл өзгеріс 1 қаңтардан бастап жаңа салық режимінің енгізілуімен мүмкін болды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жеке табыс салығын төлемейді, әлеуметтік төлемдерге 4 пайыз аударады, есептілік тапсырмайды және e-Salyq Business қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Қосымша хабарлама жіберу талап етілмейді — алғашқы чек рәсімделген сәттен бастап мәртебе автоматты түрде беріледі.